Қазақстан мен Еуропа Кеңесі жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті
15.04.2026 08:07:36 294
Страсбург, 2026 жылғы 14 сәуір – Қазақстан Республикасының Страсбургтағы Бас консулы Анель Бақытбекқызы Еуропа Кеңесінің Саяси мәселелер және сыртқы байланыстар жөніндегі директоратының жаңа басшысы Натали Сабанадземен кездесу өткізді.
Тараптар Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, заң үстемдігі, демократия және адам құқықтарын қорғау қағидаттарын ілгерілету мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар, «Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен 2024-2027 жылдарға арналған көршілік ынтымақтастық басымдықтары» бағдарламасы аясындағы қолданыстағы ынтымақтастық тетіктерін іске асыруға ерекше мән берілді.
Еуропа Кеңесінің өкілі Қазақстанда жүргізіліп жатқан мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған саяси реформалардың барысы туралы хабардар етілді. Ерекше назар өткен референдумның қорытындыларына, сондай-ақ билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшейту және мемлекеттік саясатты іске асыруға қоғамдық қатысу тетіктерін кеңейту сияқты кейінгі өзгерістерге аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы әрі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1200897?lang=kk