Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері мен екінші жағынан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы
15.04.2026 09:07:55 317
2025 жылғы мамыр айынан бастап ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісім қолданысқа енгізілді. Бұл Қазақстан Республикасы үшін сауда жүргізудің неғұрлым тиімді шарттарын және кедендік жүктеменің төмендеуін білдіреді.
Көптеген тауарлар бойынша әкелу баждары төмендетілді немесе толық жойылды, бұл шығындарды азайтуға және экспорт-импорт операцияларын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Келісім сауда жүргізудің түсінікті ережелерін белгілейді және кедендік рәсімдерді жеңілдетуді көздейді.
Назар аударамыз, жеңілдіктерді қолдану тек екі негізгі шарт сақталған жағдайда мүмкін:
белгіленген нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың болуы;
тауардың Келісім тараптары арасында тікелей жеткізілуі.
Келісімге сәйкес кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын жекелеген тауарлардың тізімі Еуразия экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 1 шешімімен бекітілген.
Жалпы, Келісім Иранмен сауданы жеңілдетеді және бизнеске шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
2019 жылдан бастап ЕАЭО-ның Иранмен тауарлардың шектеулі саны бойынша еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімі қолданылды. 2023 жылдың 25 желтоқсанында барлық тауар номенклатурасының 90% - % қатысты Тараптар арасында бажсыз режимді белгілейтін толық метражды еркін сауда келісіміне қол қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1200941?lang=kk