Ақтөбе облысы прокуратурасының 2026 жылдың 1 тоқсаны жұмыс қорытындысы

Ақтөбе облысы прокуратурасының 2026 жылдың 1 тоқсаны жұмыс қорытындысы

15.04.2026 10:12:27 260

Облыс прокуроры Марат Әбішевтің төрағалығымен ағымдағы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша қадағалау қызметінің нәтижелеріне арналған жедел кеңес өткізілді.

Облыс прокурорының орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары тыңдалды.

Атап айтқанда, қылмысқа қарсы іс-қимыл, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңнаманы қолдану, жобалық тәсілді кеңінен енгізу және цифрлық шешімдерді пайдалану мәселелері талқыланды.

Өңірде қылмыс деңгейі 9%-ға төмендегені атап өтілді — есірткі қылмыстары, тонау, бопсалау, ұрлық, мал ұрлығы, алаяқтық, бұзақылық, сондай-ақ тұрмыстық құқық бұзушылықтар, көшедегі және жасөспірімдер қылмысы азайған.

Криминогендік ахуалдың жақсаруы прокуратураның «Айқын нәтиже», «Қауіпсіз балалық шақ» және «Ақтөбе — алаяқтықсыз аумақ» жобаларын іске асырудың нәтижесі болып табылады.

Сондай-ақ, есірткі бизнесіне және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыс оң бағаланды. Ағымдағы жылы прокуратураның үйлестіруімен ҰҚКД Алматы облысында кезекті есірткі зертханасын жойды.

Арнайы прокурорлар тергеген қылмыстық іс бойынша «Қымыз шоп» есірткі дүкенінің ұйымдастырушылары, бухгалтерлері мен операторлары болып табылатын 7 адам ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сонымен қатар, облыстың Экономикалық тергеп-тексеру департаменті прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық айналымы 3,5 млрд теңгеден асатын ірі алаяқтар мен дропперлер тобын әшкереледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттік айыптаушы прокурорлық тексеру барысында әшкереленген алаяқтық схема бойынша аудандық мәслихат депутаттарының сотталуына қол жеткізді.

Сондай-ақ, жазаның бұлтартпастығы қағидатын дәйекті түрде қамтамасыз ете отырып, кассациялық наразылық нәтижесінде Ақтөбе қаласы әкімдігі аппаратының бұрынғы басшысына қатысты заңсыз сыйақы алғаны үшін шығарылған ақтау үкімі күшін жойды.

Жеке тәртіпте прокуратура қызметкерінің сыбайлас жемқорлыққа күдікпен жақында болған резонансты ұсталу фактісі қаралды.

Қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Өз кезегінде облыс прокуроры конституциялық құқықтардың бұзылуына жол берген қылмыстық қудалау органдары қызметкерлеріне қатысты шаралар қабылдауды тапсырды.

Қоғамдық мүдделерді қорғау бағыты бойынша жұмыс нәтижелері де тыңдалды.

Осылайша, бюджетке 608 млн теңге түсуі қамтамасыз етілді, 1,8 млрд теңгенің мүлкі қайтарылды, сондай-ақ 4,2 млрд теңге бюджет шығынының алдын алынды.

Сонымен бірге, прокурорлық қадағалау актілері мен талаптарын орындау шеңберінде уәкілетті органдар өңірдің ірі жер қойнауын пайдаланушыларына қосымша 16 млрд теңге есептеп шығарды және қазіргі уақытта оларды бюджетке өндіру бойынша шаралар қабылдануда.

Кеңес қорытындысында Марат Әбішев бірқатар тапсырмалар беріп, бағынысты прокурорлардан заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын, мемлекет мүдделерін қорғау, сондай-ақ адал бизнес пен инвесторларды қолдау бағытындағы жұмысты күшейтуді талап етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1201024?lang=kk