📂2026 жылы КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеуші болып табылмайтын тұлғалар.

📂2026 жылы КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеуші болып табылмайтын тұлғалар.

15.04.2026 16:35:53 368

📂2026 жылы КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеуші болып табылмайтын тұлғалар.

📖Мынадай тұлғаларды қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеушілер аванстық төлемдерді төлеушілер болып табылады:

1️⃣алдыңғы қаржы жылынан бұрынғы салық кезеңі үшін түзетулерді ескере отырып, жиынтық жылдық табысы 600 000 АЕК-тен аспайтын салық төлеушілер (2026 жылы-2 595 000 000 теңге);
2️⃣жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер — мемлекеттік тіркеу жүргізілген салық кезеңі ішінде, сондай-ақ одан кейінгі салық кезеңі ішінде;
3️⃣ҚР салық органдарында алғаш рет тіркелген және құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар-тіркелген салық кезеңі ішінде және одан кейінгі кезеңде;
4️⃣Салық кодексінің 329-бабы 1-тармағы мен 330-бабының ережелерін қолданатын коммерциялық емес ұйымдар;
5️⃣Салық кодексінің 331-бабының шарттарына сәйкес келетін мүгедектігі бар адамдар ұйымдары;
6️⃣«Астана Хаб» қатысушылары;
7️⃣жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып табылатын және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйым;
8️⃣ «Астана» халықаралық қаржы орталығының органдары және АХҚО ұйымдары;
9️⃣Салық кодексінің 83-тарауында көзделген арнайы салық режимін қолдана отырып, құрлықтағы газ кен орындарын игеру жобаларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар.

⏩Бұл ретте, аталған ерекшеліктер цифрлық активтер саласында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды — олар көрсетілген шарттарға сәйкес келгеніне қарамастан, КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеуге міндетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1201466?lang=kk