Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру тәртібіндегі өзгерістер туралы
27.04.2026 10:14:05 158
🔰Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 17 наурыздағы № 34 «Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру тәртібіне және жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің қабылданғанын хабарлайды.
Аталған шешімге сәйкес:
🗓️ 2026 жылғы 19 сәуірден бастап (ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң — 19.03.2026 ж.) жеке тұлғалар келесі тауарларды әкелу кезінде жолаушылар кедендік декларациясында IMEI-кодтарды міндетті түрде көрсету енгізіледі:
✔️смартфондар;
✔️ ұялы байланысқа арналған телефон аппараттары;
✔️ ұялы байланыс функциясы бар планшеттер.
📍IMEI-код декларацияның тиісті бағанында көрсетілуі қажет.
📄 Шешімнің мекенжай түрлерінің кодтарын көрсетуге қатысты өзге ережелері 2027 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.
🔄 Аталған өзгерістерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде ескерулеріңізді сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1208839?lang=kk