1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!
30.04.2026 19:16:04 233
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде орыстар, украиндар, қазақтар, немістер, балқарлар, татарлар, ингуштар және басқа ұлт өкілдері жұмыс істейді. Біз әр түрлі ұлтпыз және салт-дәстүріміз бен дініміз әртүрлі болғанына қарамастан, біз бір үлкен іспен – Отанымыз - Қазақстан Республикасына қызмет етіп келеміз. Тек бірлікте ғана елімізде бейбіт өмір мен өзара түсіністікті сақтаймыз. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік! 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! |

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1212701?lang=kk