«Таза Қазақстан»: Астанада ескерткіштер аумағында тазалық жұмысы жүріп жатыр

«Таза Қазақстан»: Астанада ескерткіштер аумағында тазалық жұмысы жүріп жатыр

06.05.2026 18:07:52 142

Астанада республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ескерткіштер аумағын тазалау және абаттандыру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бірлескен музейлер дирекциясының қызметкерлері Дина Нұрпейісова ескерткішінің аумағында тазалық жүргізді. Іс-шара барысында ескерткіш маңы тазартылып, аумағы ретке келтірілді.

Бұл жұмыс қоғамдық кеңістіктерді таза ұстауға, мәдени мұраға құрметпен қарауға және қоғамда экологиялық жауапкершілік мәдениетін нығайтуға бағытталған.

Бірлескен музейлер дирекциясының ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қуаныш Күлештің айтуынша, тазалық мәдениеті әрбір азаматтың өзі өмір сүріп отырған ортаға жауапкершілікпен қарауынан басталады.

«Ел тазалығы – ұлт мәдениетінің айнасы. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, табиғатты қорғау – бәрімізге ортақ міндет», – деді ол.

«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру, қоғамдық орындарды таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Мәдени мұраны сақтау және оның айналасын таза ұстау – ұлттық құндылықтарға құрметтің маңызды көрінісі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan