ИТК суреті бойынша талдау

ИТК суреті бойынша талдау

28.05.2026 10:06:05 228

ИТК-инспекциялық тексеріп қарау кешені ірі габаритті көлік құралдары мен контейнерлерді қысқа мерзімде интрузивті емес (жүк бөліктерін ашпай-ақ) бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алайда бұл технологиялық тізбектің негізгі буыны адам -  талдау және салыстыру операторы (ТСО) болып табылады, себебі жасырын қауіптерді анықтау тікелей оператор біліктілігіне байланысты.

Сканерлеу процесі нәтижесінде жоғары деңгейде егжей-тегжейлі көрсетілген рентгеноскопиялық сурет жасалады және ол ТСО операторының жұмыс орнына жіберіледі. Суретті талдау бірнеше негізгі кезеңдерді қамтитын кешенді процесс болып табылады:

1. Жүктің геометриясын зерттеу, көлік құралының конструктивті қуыстарындағы тән емес қарайған жерлерді, бос орындарды немесе бөгде салымдарды іздеу.

2. Физикалық-химиялық салыстыру:  Қазіргі заманғы ИТК материалдарды олардың тиімді атомдық нөмірі (\(Z_{eff}\)) бойынша ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл органикалық заттарды (мысалы, есірткі, контрабандалық темекі, азық-түлік) бейорганикалық заттардан (металдар, техника) ажыратуға мүмкіндік береді.

ИТК суреттерін талдау тәжірибесі құқық бұзушылықтардың келесі санаттарын анықтауда жоғары тиімділікті көрсетіп отыр:

Жасырын тауарлар (сорттарды ауыстыру): Арзан әрі ауыр жүктің (мысалы, құрылыс материалдары немесе плиткалар) атын жамылып, қымбат тұратын электрониканы немесе брендтік киімдерді алып өтуге тырысады. Суреттерде бұл қаптаманың тығыздығы мен құрылымының айырмашылығы арқылы анық көрінеді.

Тыйым салынған заттарды заңсыз салу: қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш немесе радиоактивті заттардың жасырылғанын көрсетуі мүмкін жоғары тығыздықты аймақтарды анықтау.

Анықталған күдіктер туралы кеден бекетінің басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға хабарлайды.

ИТК суреттерін талдау кедендік құқық бұзушылықтармен күресудің алдын алу құралы ретінде өзінің таптырмастығын дәлелдеді. Ол логистикалық ағындарды баяулатпай, контрабанданың күрделі схемаларын анықтауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1229223?lang=ru