ТКРЖ: 2026 жылдың 1 маусымынан бастап Ресей Федерациясына кіру кезіндегі жаңа талаптар

ТКРЖ: 2026 жылдың 1 маусымынан бастап Ресей Федерациясына кіру кезіндегі жаңа талаптар

28.05.2026 11:43:24 209

Құрметті тасымалдаушылар мен жүргізушілер!

 

2026 жылдың 1 маусымынан бастап Ресей Федерациясында тауарларды күтуді растау жүйесі (ТКРЖ) енгізіледі.

Тауарларды автомобиль көлігімен әкелу кезінде алушыға Ресей Федерациясында алдағы жеткізілім туралы құжатты алдын-ала рәсімдеп, QR-кодын алу қажет.

QR-коды жүргізушіде болуы және бақылаушы органдардың талабы бойынша көрсетілуі тиіс.

Расталған QR кодының болмауы Ресей Федерациясына кіруге тиім салу және көлік құралын қайтаруды көздейді.

Осыған байланысты, келесі шаралар ұсынылады:

ТКРЖ шеңберінде ресімделген QR-кодтың болуын ресейлік алушыдан алдын ала нақтылау;

өткізу пунктіне келгенге дейін QR-кодын тексеру;

басып шығарылған немесе электронды түрде QR-коды болуы керек;

QR-кодтағы мәліметтерді тауарға ілеспе құжаттармен (тауар, саны, көлік құралы, алушы) салыстырып тексеру;

құжаттарды дұрыс ресімдемеген кезде шекарадан өту уақытының ұлғаюын ескеру қажет.

Тасымалдауды жоспарлау кезінде көрсетілген өзгерістерді ескеруді және ресейлік тауар алушылармен алдын-ала өзара әрекеттесуді сұраймыз.

ТКРЖ туралы ақпаратты Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің ресми ресурстарынан толығырақ оқи аласыз (https://minfin.gov.ru/ru/press-center/?id_4=40307-prezident_rossii_podpisal_zakon_o_natsionalnoi_sisteme_podtverzhdeniya_ozhidaniya_postavki_tovarov_spot).

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1229399?lang=ru