Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қоғамдық көлікті дамыту және жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру мәселесі қаралды.
30.06.2026 18:26:10 9🚌 Ақтөбеде қоғамдық көлік паркі 141 жаңа автобуспен толықтырылады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қоғамдық көлікті дамыту және жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру мәселелері қаралды.
Бүгінде облыста 66 автобус бағыты жұмыс істейді. Оның ішінде қалалық, ауданішілік, облысаралық және халықаралық бағыттар бар. Ақтөбе қаласында күн сайын 355 автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Соңғы үш жылда қала автопаркі 242 жаңа автобуспен жаңартылып, жаңару деңгейі 85 пайызға жетті. 2026 жылы қосымша 141 автобус сатып алу жоспарланса, оның 93-і бүгінде жеткізіліп, бағыттарға шығарылған. Жаңа көліктердің қатарында өңірдегі алғашқы 45 электробус та бар.
Облыс әкімі қоғамдық көлік жұмысына қатысты тұрғындардан түсетін шағымдарды назарға алып, қозғалыс кестесін сақтау, қызмет көрсету сапасын арттыру, GPS жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1236785?lang=ru
