Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

30.06.2026 19:04:25 189

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, ұлттық бірлігі мен тұтастығын айшықтайтын басты нышандар. Олар мемлекетіміздің тарихи жолын, жетістіктерін, құндылықтарын және болашаққа деген ұмтылысын бейнелейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныштың қайнар көзі, жарқын болашаққа деген сенімнің және Отанға адалдықтың белгісі». Бұл сөздер мемлекеттік рәміздердің азаматтық бірегейлікті нығайтудағы және елге деген құрметті қалыптастырудағы айрықша маңызын көрсетеді.

Бүгінде мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау, өскелең ұрпақтың бойында Қазақстанның болашағына жауапкершілік сезімін, оның тарихы мен жетістіктеріне деген құрметті тәрбиелеу аса маңызды. Осындай құндылықтар қоғамдағы тұрақтылықтың, келісім мен бірліктің берік негізі болып табылады.

Аудан тұрғындары өз еңбегі мен белсенді азаматтық ұстанымының арқасында туған өлкенің және тұтас еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Алдағы уақытта да баршамыз бірлесе отырып, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етеміз деп сенемін.

Қадірлі жерлестер! Сіздерге зор денсаулық, амандық, отбасы бақыты мен толағай табыс тілеймін. Бұл мереке туған елімізге деген мақтаныш сезімін нығайтып, оның игілігі жолындағы жаңа жетістіктерге жетелеcін! Мереке құтты болсын!

 

Аудан әкімі                                                                      Қ. Мыржақыпов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1233933?lang=ru