Самар ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар саясаты мәселелері талқыланды
Конституция

Самар ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар саясаты мәселелері талқыланды

30.06.2026 19:29:13 18


Самар ауданында аудан әкімі Серік Жеңісовтің төрағалығымен заңдылықты сақтау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша кезекті ведомствоаралық кеңес отырысы өтті.
Кеңес жұмысына аудан прокуроры Әділет Қуандықов, Самар аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Жұмадилов, құқық қорғау органдарының өкілдері, төтенше жағдайлар бөлімі, білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандары, ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде құқық бұзушылықтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында уәкілетті органдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігі, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Негізгі баяндамалармен Самар ауданы прокуратурасының аға прокуроры Серік Смағзамов пен прокуроры Азамат Санатов сөз сөйледі. Отырыс барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және ауылдық округтер мен білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.
Кеңеске қатысушылар пікір алмасып, профилактикалық жұмыстарды күшейтуге қатысты ұсыныстарын білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға тиісті тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1231026?lang=ru