2026 жылғы 1 маусымнан бастап Ресей Федерациясында тауарларды күтуді растау жүйесі (ТКРЖ) енгізіледі.
30.06.2026 19:40:11 55
2026 жылғы 1 маусымнан бастап Ресей Федерациясында тауарларды күтуді растау жүйесі (ТКРЖ) енгізіледі.
Автомобиль көлігімен тауарларды әкелу кезінде Ресей Федерациясындағы жүк алушы алдағы жеткізілім туралы құжатты алдын ала рәсімдеп, QR-код алуға міндетті.
QR-код жүргізушінің жанында болуы және бақылаушы органдардың талабы бойынша ұсынылуы тиіс.
Расталған QR-код болмаған жағдайда Ресей Федерациясына кіруге рұқсат берілмейді және көлік құралы кері қайтарылады.
Осыған байланысты төмендегілер ұсынылады:
– ресейлік жүк алушыдан ТРКЖ шеңберінде рәсімделген QR-кодтың бар-жоғын алдын ала нақтылау;
– өткізу пунктіне жеткенге дейін QR-кодтың болуын тексеру;
– QR-кодты қағаз түрінде немесе электрондық форматта өзімен бірге алып жүру;
– QR-кодтағы мәліметтердің тауарға ілеспе құжаттармен (тауар, саны, көлік құралы, жүк алушы) сәйкестігін тексеру;
– құжаттар дұрыс рәсімделмеген жағдайда шекарадан өту уақытының ұлғаюы мүмкін екенін ескеру.
Тасымалдауды жоспарлау кезінде аталған өзгерістерді ескеруді және Ресей Федерациясындағы жүк алушылармен алдын ала өзара іс-қимыл жасауды сұраймыз.
ТКРЖ туралы толық ақпаратпен Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында танысуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1230011?lang=ru
