⚖️ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту жөніндегі жұмыстар.

⚖️ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту жөніндегі жұмыстар.

11.07.2026 04:07:42 130

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және барынша азайту, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

🔍 Жүргізілген талдау нәтижесінде жекелеген құрылымдық бөлімшелердің қызметінде мүліктік кірістерді әкімшілендіру кезінде, экспорттық-импорттық валюталық бақылау бойынша тексеру іс-шараларын жүргізу барысында, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

📋 Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдар әзірледі, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бағалау жүргізіп, Тәуекелдер картасын жасады.

📝 2026 жылғы 09 маусымдағы талдамалық анықтама әзірленді.

✅ Тәуекелдерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдардың тізбесі бекітілді.

📊 Қазіргі уақытта әзірленген ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізілуде.

📞 Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің бизнес-процестерінде немесе нормативтік құқықтық актілерде кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы 8 (7212) 51-36-89 телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.

🤝 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамыздың ортақ міндетіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1245826?lang=ru