📦🚛 ЕАЭО елдерінен импорт кезінде тауарға ілеспе жүкқұжатты (ТІЖ) ресімдеу қағидалары
11.07.2026 14:57:21 206
📑 Тауарға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу қағидалары, олардың құжат айналымы, сондай-ақ нысандары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 179-бабының 3-тармағына, «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған тауарға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) ресімдеу тәртібін айқындайды.
🧾 ТІЖ салық салу мақсаттары үшін, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру үшін: тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған, оның ішінде салық төлеушіге тауарлардың жөнелтілуін растайтын тауарға ілеспе құжат; бастапқы бухгалтерлік құжат болып табылады.
💻 ТІЖ электрондық түрде «ЭШФ ақпараттық жүйесінде» ресімделеді, тек Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында техникалық қателерге байланысты «ЭШФ ақпараттық жүйесінде» ТІЖ ресімдеу мүмкін еместігі расталған жағдайларды қоспағанда, мұндай жағдайда ТІЖ қағаз жеткізгіште ресімделеді.
📊 ТІЖ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан импорт кезінде алушы тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37317 болып тіркелген, ТІЖ нысанын толтыру тәртібіне сәйкес, «Виртуалды қойма» модулі арқылы қазақ немесе орыс тілдерінде ресімделеді.
📘 Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, қағаз жеткізгіште ресімделген жағдайларда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан импорт кезінде алушы тарап қағаз түріндегі тауарға ілеспе жүкқұжаттарды тіркеу және есепке алу журналын жүргізеді. Қағаз жеткізгіште ресімделген ТІЖ «ЭШФ ақпараттық жүйесіне» 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілуге тиіс.
💱 Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды әкелу кезінде ТІЖ ұлттық валютамен немесе шот-фактурада (инвойста) көрсетілген валютамен толтырылады.
✅ ТІЖ мынадай жағдайларда ресімделген болып есептеледі:
⚖️ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келсе;
📜 «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келсе;
🔢 электрондық түрде ресімделген ТІЖ-ға «ЭШФ ақпараттық жүйесінде» тіркеу нөмірі берілсе;
📘 қағаз жеткізгіште ресімделген ТІЖ журналда тіркелсе.
🗂️ ТІЖ-ның түпнұсқасы (оригиналы) болып «ЭШФ ақпараттық жүйесінде» сақталатын электрондық құжат, сондай-ақ қағаз жеткізгіште ресімделген ТІЖ танылады.
🚗 ТІЖ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу кезінде (импорт) міндетті түрде ресімделеді, бірақ рұқсат етілген ең жоғары жүк көтерімділігі 2,5 тоннадан аспайтын жеңіл автокөлікпен әкелінетін жағдайларды қоспағанда.
📦 Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасына жеке тұлғаларға автомобиль көлігімен тауарларды әкелу кезінде ТІЖ тасымалдаушы тарапынан (экспедиция, курьерлік жеткізу қызметін жүзеге асыратын тұлға) ресімделетінін атап өткен жөн.
🚚 Автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде әрбір көлік құралына ТІЖ жеке-жеке ресімделеді.
📊 Тауар бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрде әкелінген жағдайда алушы тарап бастапқы ТІЖ-ны ресімдейді, онда құрамдас бөліктер (компоненттер) жол-жолымен көрсетіледі, ал жалпы құн шарт талаптарына сәйкес көрсетіліп, бірінші көрсетілген құрамдас бөлікке енгізіледі, ал басқа құрамдас бөліктер бойынша құн туралы мәліметтер көрсетілмейді.
🛃 ТІЖ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу кезінде тауар мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін ұсынылады.
✍️ Автомобиль немесе әуе көлігімен әкелу кезінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері мемлекеттік шекарадан өту фактісін ТІЖ-да тиісті белгі қою арқылы растайды.
⏳ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінетін, толық емес және (немесе) дұрыс емес деректер көрсетілген ТІЖ тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде түзетілуі немесе кері қайтарылуы тиіс. Алайда шекарадан өту фактісі расталған ТІЖ кері қайтарылуға жатпайды.
✏️ Бұрын ресімделген ТІЖ-ға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, алушы тарап бұрынғы ТІЖ-ны жойып, түзетілген ТІЖ ресімдейді (түзетілген ТІЖ-да түзетілетін ТІЖ-ның тіркеу нөмірі көрсетіледі).
📁 ТІЖ «ЭШФ ақпараттық жүйесінде» тіркелген күннен бастап талап қою мерзімі ішінде сақталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1246985?lang=ru