KazAID пен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры ынтымақтастық перспективаларын талқылады
11.07.2026 15:56:17 193
2026 жылғы 24 маусым – KazAID Басқарма Төрағасының міндетін атқарушысы Ж.Асанов Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының (бұдан әрі – ЕТДҚ) Серіктестік департаментінің директоры Г.Васильевпен ЕТДҚ-ның Астанадағы штаб-пәтерінде кездесті.
Кездесу барысында Г.Васильев Орталық Азия мен Кавказдағы EТДҚ қызметі мен бағдарламалары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, ол осы ЕТДҚ Бас сарапшысы А.Морозкина мен ұйымның басқа да өкілдері дайындаған «Халықаралық дамуға жәрдемдесудегі Қазақстан Республикасының рөлі» тақырыбындағы талдау жұмысының нәтижелерімен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырып, халықаралық дамуда тәжірибе мен білім алмасу бойынша алдағы ынтымақтастықты талқылады.
Анықтама үшін:
Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры 2009 жылы Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан құрған аймақтық қаржы механизмі болып табылады. Қор дағдарыс салдарын жою, ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету және оған мүше мемлекеттердің экономикаларының интеграциясына жәрдемдесу үшін құрылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1247090?lang=ru