Валюталық бақылауды бұзу: Павлодар облысы бойынша МКД 16 млн. доллардан астам қаражаттың репатриацияланбау фактісін анықтады

Валюталық бақылауды бұзу: Павлодар облысы бойынша МКД 16 млн. доллардан астам қаражаттың репатриацияланбау фактісін анықтады

12.07.2026 07:05:41 210

Павлодар облысы бойынша МКД Тарифтік реттеу басқармасының қызметкерлері сыртқы экономикалық келісімшарт шеңберінде ақшалай қаражатты репатриациялау жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына байланысты ірі құқық бұзушылықты анықтады.

Қазақстандық компания Қытай Халық Республикасының жеткізушісімен келісімшарт жасасқан. Шарт талаптарын орындау аясында бейрезиденттің мекенжайына 16 337 281 АҚШ доллары (баламасы – 7 681 299 403 теңге) аударылған. Алайда тауар Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілмеген, ал валюталық қаражат заңда белгіленген мерзімде қайтарылмаған.

Тексеру барысында қаржылық операцияларды ұйым басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан мекеменің есепшісі жүргізгені анықталды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, валюталық нормалардың сақталуына жауапкершілік, қызметкерлердің қайсысы нақты операцияларды жасағанына қарамастан, тікелей заңды тұлғаға жүктеледі.

Іс материалдарын қарау нәтижесі бойынша компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл сомасы 1,5 млрд. теңгеден асты, бұл Павлодар облысында валюталық заңнаманы бұзғаны үшін қолданылған ең ірі айыппұлдардың бірі болды.

Павлодар облысы бойынша МКД Тарифтік реттеу басқармасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (СЭҚ) сыртқы сауда келісімшарттарының орындалуын тиісті түрде бақылау қажеттігін ескертеді. Бизнес үшін тауарлардың уақтылы келіп түсуін немесе орындалмаған міндеттемелер бойынша ақшалай қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету маңызды. Заңнама талаптарын сақтамау әкімшілік жауапкершілікке және қаржылық шығындарға әкеп соғады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1248663?lang=ru