«Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» фестиваліне қатысушылар үшін қосымша автобус рейстері ұйымдастырылады

«Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» фестиваліне қатысушылар үшін қосымша автобус рейстері ұйымдастырылады

12.07.2026 09:28:19 182

Катонқарағай ауданында өтетін «Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне келетін қонақтар мен қатысушылар үшін көлік қатынасы күшейтіледі.

Қазіргі таңда Катонқарағай ауданына қатынайтын тұрақты автобус бағыты – «Өскемен – Катонқарағай». Автобус күн сайын жүреді.

Бағыт кестесі:

* Өскемен қаласынан шығу – 08:10;
* Катонқарағайға келу – 12:30;
* Катонқарағайдан кері шығу – 14:00;
* Өскеменге келу – 18:30.

Жол жүру құны – 4500 теңге.

Билеттерді Өскемен қаласындағы автовокзал кассасынан (Абай даңғылы, 8) немесе [https://autovokzal.kz/](https://autovokzal.kz/) сайты арқылы онлайн сатып алуға болады.

Автовокзал кассасы күн сайын 06:00-ден 20:30-ға дейін жұмыс істейді. Анықтама телефоны: 8 (777) 189-00-03.

Фестиваль күндері қатысушылар мен қонақтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жолаушылар ағынына байланысты «Өскемен – Катонқарағай» бағыты бойынша қосымша рейстер ұйымдастыру қарастырылған.

Қосымша ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан алуға болады:
Қабылдау бөлімі: 8 (7232) 70-23-54
Жолаушылар көлігі бөлімі: 8 (7232) 70-16-98.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1248912?lang=ru