Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне дайындық жұмыстары пысықталды
12.07.2026 12:42:02 318
2026 жылғы 25 маусымда Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасының қызметкерлері «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне дайындық аясында Катонқарағай ауданына жұмыс сапарымен барды.
Іссапар барысында ауданның туристік нысандарына мониторинг жүргізіліп, олардың қонақтарды қабылдауға дайындығы бағаланды. Сонымен қатар, фестиваль кезеңінде туристерді орналастыру үшін қосымша орындар құру мәселелері пысықталды.
Туристерді орналастыру орындарының санын арттыруға, жеке тұрғын үйлерді орналастыру қызметіне тартуға, шатырлы лагерь ұйымдастыруға және туристік қызмет көрсету сапасын жақсартуға ерекше назар аударылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар фестиваль қонақтары мен қатысушылары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Халықаралық фестивальдің өткізілуі Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін кеңінен танытуға, туристік инфрақұрылымды дамытуға және өңірге келетін туристер санын арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1249261?lang=ru