Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

12.07.2026 15:54:29 204

2026 жылғы 26 маусым күні аудандық мәслихаттың сессия отырысы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті.

Отырысқа аудан әкімі Е.Ихсанов, облыстық мәслихатының депутаттары А.Агаев, Ж.Курманкулов, аудан әкімнің орынбасары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

Бөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №32-1 «2026-2028 жылдарға арналған Бөрлі ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Бөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы  «2026-2028 жылдарға арналған Ақсай қаласы және ауылдық округтердің  бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 Депутаттар өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптар алды.  Тиісті шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, ҚР Бюджет кодексіне сәйкес, депутаттар сессия жұмысында 15 күннен аспайтын үзіліс жасауға шешім қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1249600?lang=ru