🧾 Ақшалай есеп айырысулар және бақылау-касса машиналары: негізгі ұғымдар.
12.07.2026 17:41:26 248
📢 МКД Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 19-бабында ақшалай есеп айырысулар мен бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдануға байланысты негізгі ұғымдар айқындалғанын еске салады.
💰 Ақшалай есеп айырысулар – тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшін қолма-қол ақшамен, төлем карточкалары арқылы және (немесе) мобильді төлемдер арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар.
🖥️ Бақылау-касса машинасы (БКМ) – ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететін электрондық құрылғы немесе бағдарламалық-аппараттық кешен.
📋 Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген барлық БКМ үлгілері Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
📝 Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы– БКМ-ны салық органында тіркеу немесе есептен шығару фактісін растайтын есептік құжат.
🧾 БКМ чегі – сатушы мен сатып алушы арасындағы ақшалай есеп айырысу фактісін растайтын бастапқы есеп құжаты. Чек қағаз немесе электрондық түрде берілуі мүмкін.
📄 БКМ техникалық ақауы туындаған немесе электр энергиясы болмаған жағдайда ақшалай есеп айырысуды растайтын тауар чегін пайдалануға жол беріледі.
🏪 Ақшалай есеп айырысулар қызмет көрсету терминалдары мен сауда автоматтары арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.
⚙️ Үш компонентті интеграцияланған жүйе құрамына:
✅ бақылау-касса машинасы;
✅ қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау құрылғысы;
✅ тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді есепке алуды автоматтандыру жүйесі кіреді.
🔐 Фискалдық режимде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтер фискалдық деректер жинақтауышында сақталып, фискалдық деректер операторлары арқылы салық органдарына беріледі.
📊 Әрбір есеп айырысуға фискалдық белгі беріледі. Ол БКМ чегінде көрсетіліп, кассалық машинаның фискалдық режимде жұмыс істейтінін растайды.
✅ Бақылау-касса машиналарын қолдану ақшалай есеп айырысулардың ашықтығын қамтамасыз етеді, тұтынушылардың құқықтарын қорғайды және салық заңнамасының сақталуына ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1249789?lang=ru