Қазақстандық делегация сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Моңғолияға жұмыс сапарымен барды
12.07.2026 18:09:02 222
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 17-19 маусым – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова бастаған қазақстандық делегация Моңғолияда жұмыс сапарымен болды.
Сапардың мақсаты Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, іскерлік байланыстарды кеңейту, сондай-ақ инвестициялық және өнеркәсіптік әріптестіктің жаңа бағыттарын пысықтау болды.
Сапар аясында Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаярмен, Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Гонгорын Дамдинняммен, Экономика және даму министрлігінің мемлекеттік хатшысы Идэшийн Батхүүмен кездесулер өтті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, көлік-логистика бағыттарын дамытуды, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды, тауар айналымын арттыруды, бизнес үшін кедергілерді жоюды, сондай-ақ қаржы, өнеркәсіп және тау-кен салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1249833?lang=ru