ҚР ҚМ МКК 2026 жылдың I тоқсаны бойынша банк операцияларында кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жеке тұлғаларға ақпараттық хаттар жолдай бастады.
12.07.2026 18:33:06 248
📩Хат келесі үш шарт бір мезгілде орындалған азаматтарға жолданады:
🔹 қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында жеке банк шотына 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша түскен;
🔹 банк шоты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған;
🔹 көрсетілген кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асқан.
⚠️ Маңызды!
Мұндай хатты алу жауапкершілікке тартылғаныңызды білдірмейді. Бұл – қызметіңізді салық заңнамасының талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпараттық-түсіндіру сипатындағы хабарлама.
👨💼 Егер сіз іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыссаңыз, онда:
✅ жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіңіз қажет (егер әлі тіркелмеген болсаңыз);
✅ алынған табысты тиісті салық есептілігінде көрсетуіңіз керек;
✅ салық міндеттемелерін уақтылы орындауыңыз қажет.
📑 Қандай салық есептілігін тапсыру керек?
👤 Егер сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болсаңыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолдансаңыз (мобильді қосымшада чектер қалыптастырылмаған табыс бойынша):
📄 2026 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыру қажет.
🗓️ Декларацияны тапсыру мерзімі:
2027 жылғы 1 қаңтардан 15 қыркүйекке дейін.
💰 Жеке табыс салығын төлеу мерзімі:
2027 жылғы 25 қыркүйекке дейін.
🏢 Егер сіз жалпыға бірдей белгіленген салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер болсаңыз:
📄 табыс 2026 жылға арналған кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясында (220.00-нысан) көрсетіледі.
🗓️ Тапсыру мерзімі:
2027 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін.
💰 Салық төлеу мерзімі:
2027 жылғы 10 сәуірге дейін.
2 дн.
📊 Егер сіз оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдансаңыз:
📄 табысты 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған 910.00-нысан бойынша декларацияда көрсету қажет.
🗓️ Декларацияны тапсыру мерзімі:
2026 жылғы 1 шілдеден 15 тамызға дейін.
💰 Салық төлеу мерзімі:
2026 жылғы 25 тамызға дейін.
❓ Егер сіздің қызметіңіз кәсіпкерлік сипатқа ие болмаса немесе алынған хатқа қатысты сұрақтарыңыз болса, МКК келесі мекемелерге жүгінуді ұсынады:
📞 1414 байланыс орталығына;
🏛️ мемлекеттік кірістер органдарына.
📌 Назар аударыңыз: салық міндеттемелерін уақтылы орындау салықтық әкімшілендірудің кейінгі рәсімдерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Егер салық заңнамасының талаптары орындалмаса, салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жолдануы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1249878?lang=ru