Резидент еместерге маркетингтік қызметтер көрсету: ҚҚС қолдану ерекшеліктері

Резидент еместерге маркетингтік қызметтер көрсету: ҚҚС қолдану ерекшеліктері

12.07.2026 20:46:19 171

Қазақстандық компания Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияға маркетингтік қызметтер көрсеткен кезде қызметті өткізу орны қызмет алушының орналасқан жері бойынша айқындалады.

Егер маркетингтік қызметтер ресейлік компанияға көрсетілсе, онда олардың өткізу орны Ресей Федерациясының аумағы болып танылады. Бұл жағдайда мұндай айналым Қазақстан Республикасында ҚҚС салу объектісі болып табылмайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілетін мәмілені сүйемелдеу жөніндегі қызметтер Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген болып есептеледі және жалпы белгіленген тәртіпте ҚҚС-қа жатады.

Маркетингтік қызметтер бойынша Қазақстан Республикасында ҚҚС салынбайтын операциялар бойынша бастапқы құжаттарды рәсімдеу кезінде орындалған жұмыстар актісінде «ҚҚС-сыз» деген белгі қойылады. ҚҚС салынатын қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерлеме қолданылады.

Қызметтерден түсетін табыстар салықтық есептілікте Салық кодексінің талаптарына сәйкес көрсетіледі, ал корпоративтік табыс салығы мақсатында олар жиынтық жылдық табыс құрамында ескеріледі. Мұндай табысты алуға байланысты шығыстар растайтын құжаттар болған жағдайда шегерімдерге жатқызылады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1250110?lang=ru