Шығыс Қазақстан облысында ауыл туризмі дамуын жалғастыруда
12.07.2026 23:11:33 195
Ішкі туризмді дамытудың маңызды бағыттарының бірі – саяхатшыларға ауылдық елді мекендердің мәдениетімен, салт-дәстүрімен және тұрмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін бастамаларды қолдау.
Бүгінде өңірде қонақ үйлері (гостевой дом) форматы дамып келеді. Оның аясында жергілікті тұрғындар туристерді қабылдап, ал қонақтар Шығыс Қазақстанның табиғи, мәдени және тарихи мұрасымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болуда.
Мұндай жобалар тұрақты туризмді дамытуға, ауыл тұрғындары үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
Ауыл туризмін дамыту жұмыстары iCaravan платформасы арқылы Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін ілгерілету аясында жалғасуда.
Платформаның негізін қалаушы Талғат Әли:
«Біздің мақсатымыз – Қазақстанның 1000 ауылы мен бірегей туристік бағыттарын әлемге таныту. Катонқарағай бүгінде ауыл туризмінің жергілікті тұрғындарға пайда әкеліп, өңірді әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшыларға таныта алатынын көрсетіп отыр», – деді.
iCaravan платформасы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын қонақжай иелерінің қауымдастығына қосылуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1250363?lang=ru