Будапештте құрылыс және дизайн саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
13.07.2026 00:48:57 292
Будапешт, 2026 жылғы 23 маусым – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы «Tapétagyár Kft.» компаниясының Президенті Андраш Надьпен және осы компанияның өкілі Ирина Сечьпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар құрылыс, интерьер дизайны және әрлеу материалдары салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Мажар компанияның өкілдері Қазақстан нарығына қызығушылық танытып, қазақстандық серіктестермен бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті екендерін білдірді. Бұған қоса, Қазақстандағы құрылыс және дизайн саласының даму әлеуеті, заманауи интерьерлік шешімдерді енгізу мүмкіндіктері, сондай-ақ осы бағытта тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара байланысты жалғастыруға және ықтимал ынтымақтастық бағыттарын одан әрі пысықтауға дайын екендерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1250532?lang=ru