«Жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы ТОП-5 сұрақ

«Жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы ТОП-5 сұрақ

13.07.2026 03:27:01 230

 «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңының қолданылу саласы?

Жауап: Осы Заң дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматының төлемге қабілетсіз болуына байланысты туындайтын қатынастарға қолданылады.

Ал, кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауына байланысты дара кәсіпкерлерде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасынмен реттеледі.

Осы Заң азаматтардың банкроттықты қолдану рәсімдерінің қандай түрлерін көздейді?

Жауап: Заңға сәйкес азаматтардың банкроттықты қолдану рәсімдерінің үш түрі көзделген:

  • Соттан тыс банкроттық;
  • Сот банкроттығы;

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі.

Борышкерге қатысты банкроттық рәсімдеріне кім бастамашылық жасай алады?

Жауап: Барлық үш рәсімді тек борышкердің өзі ғана бастамашылық (инициировать) ете алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты аталған рәсімдерді бастамашылық жасауға құқығы жоқ.

Азаматтар соттан тыс банкроттықты қандай жағдайда қолдана алады?

  1. банктер,микроқаржыұйымдарыжәнеколлекторларалдындағыборыш5,5млн. теңгеден(1600АЕК)аспайтын кезде;
  2. банктер,микроқаржыұйымдары,коллекторларалдындағыміндеттемелер бойынша өтініш берілген күні қатарынан 12айішіндеөтеужоқ кезде;
  3. тіркелгенмүлік,оныңішіндеортақменшіктегі мүлік жоқ; 4. мерзімі өткен берешектібанкпенреттеужүргізілген кезде;
  4. банкроттық7жылбойықолданылмаған кезде.

Сонымен қатар, заң жобасында ерекше жағдайлар қарастырылған:

 - АӘК алушылар 6 ай ішінде;

- берешегі бес жылдан артық өтелмейтін азаматтар.

Қандай табыс болған жағдайда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру сотта қарыздарды төлеуге бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін көздейді (5 жылға дейін)?

 тұрақты табыс болған жағдайда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1250809?lang=ru