Астанадағы № 1 Индустриялық паркте 70-тен астам ағаш отырғызылды
14.09.2026 23:21:38 129
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында TAZAU тазарту құрылыстары зауытының қызметкерлері Астанадағы № 1 Индустриялық парк аумағында сенбілік өткізді.
Аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 40-тан астам адам қатысты. Іс-шара барысында 70-тен астам ағаш отырғызылып, жайлы әрі жасыл қалалық орта қалыптастыруға үлес қосылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар бизнес пен мемлекеттік құрылым өкілдерін ортақ мақсатқа жұмылдырып, қалаға қамқорлық жасау баршаға ортақ жауапкершілік екенін көрсетеді.
«Мұндай іс-шараларға қатысу — аумақты абаттандырып қана қоймай, қаланың дамуына нақты үлес қосуға мүмкіндік береді», — деді Astana Invest ҚИДО Басқарма төрағасының орынбасары Сәбит Мұхамеджанұлы.
TAZAU қызметкерлері де бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, мұндай экологиялық бастамалар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және елорданың жасыл болашағын қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді.
Дереккөз: https://ru.elordainfo.kz/taza-aza-stan/bolee-70-derevev-vysadili-v-industrialnom-parke-1-v-astane
#Астана #столица #Таза Қазақстан

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1291550?lang=ru