Жалпыға бірдей декларациялау аясында декларация тапсыру мерзімінің аяқталуына небәрі 1 күн қалды

Жалпыға бірдей декларациялау аясында декларация тапсыру мерзімінің аяқталуына небәрі 1 күн қалды

14.09.2026 19:25:38 159

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жалпыға бірдей декларациялау аясында декларацияны тапсырудың соңғы күні – 2026 жылғы 15 қыркүйек екенін ескертеді!

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген алғашқы жылы Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысаны) тапсырылады. Келесі жылдары Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысаны) ұсынылады.

Соңғы сәтке қалдырмаңыз! Декларацияны онлайн режимінде «Салық төлеушінің кабинеті» (knp.kgd.gov.kz) веб-порталы, «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), e-Salyq Azamat, eGov Mobile мобильді қосымшалары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің (Halyk, Kaspi және т.б.) қосымшалары арқылы жылдам әрі ыңғайлы тапсыруға болады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1291515?lang=ru