Астанада әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы халықаралық саммиті өтті
14.09.2026 23:21:41 138
Астанада «Тұрақты болашаққа арналған әлеуметтік инвестициялар» тақырыбында әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы халықаралық саммиті өтті.
Саммитке Қазақстаннан және шетелден, соның ішінде Германиядан, Канададан, Малайзиядан және ТМД елдерінен 700-ге жуық адам қатысты. Іс-шара әлеуметтік кәсіпкерлерді, инвесторларды, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және даму институттарының өкілдерін бір алаңға жинады.
Саммитте әлеуметтік инвестициялар, тұрақты бизнес-модельдер және халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Саммиттің мақсаты –мемлекет, бизнес пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті нығайту, әлеуметтік кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейту және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қажетті ресурстарды тарту.
Арнайы панельдік сессия әлеуметтік кәсіпорындарды қаржыландыру, олардың әлеуетін арттыру және қызмет ауқымын кеңейту мәселелеріне арналды. Қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың халықаралық тәжірибесін, гранттық қаржыландыру тетіктерін, трансшекаралық ынтымақтастықтың келешегін және Орталық Азия елдерінде озық шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1291549?lang=ru