Бүгін аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев «Жасыл желкен» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, лагерь демалушыларын жаңа маусымның басталуымен құттықтады.
13.07.2026 05:36:27 250
Бүгін аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев «Жасыл желкен» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, лагерь демалушыларын жаңа маусымның басталуымен құттықтады.
Аудан басшысы балаларға көтеріңкі көңіл күй, жарқын әсер мен қызықты демалыс тілеп, жазғы демалыс уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін лагерь жұмысының маңыздылығына тоқталды.
Салтанатты шара барысында балалар өнер көрсетіп, лагерьдің концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, аудан әкімі лагерь аумағын аралап, балалардың демалысына жасалған жағдайлармен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1251040?lang=ru