Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру (өткізу кезеңі – 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың алғашқы 6 айы)

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру (өткізу кезеңі – 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың алғашқы 6 айы)

13.07.2026 18:36:08 225

    Курчатов қаласының әкімдігі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін (қоса алғанда) құрылымдық бөлімшелердің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.

Егер Сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талдау жүргізілетін сала мен талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар болса, оларды m.baliev@akimatabai.gov.kz электрондық поштасына (заң бөлімінің басшысы) жолдауыңызды сұраймыз.

Ұсынылған ақпараттың құпиялылығы мен анонимдігіне кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу мақсатында пайдаланылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1252391?lang=ru