1 шілдеден бастап ЭҚЖЖ өзгереді!

1 шілдеден бастап ЭҚЖЖ өзгереді!

15.07.2026 21:59:25 302

📢 1 шілдеден бастап жаңартылған халықаралық жіктеу негізінде әзірленген Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) жаңа редакциясы қолданысқа енгізіледі.

ℹ️ Қолданыстағы ЖК мен ЖШС-лардың басым бөлігі үшін жаңа кодтарға көшу автоматты түрде 🔄 – бұрынғы кодтарды жаңаларымен сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады.

❗️Алайда барлық өзгерістер қарапайым болмайды.

🆕 Кейбір экономикалық қызмет түрлеріне жаңа кодтар берілді, ал кейбір кодтар ➗ бірнеше нақтырақ кодтарға бөлінді.

⚠️ Сондықтан автоматты көшіру барысында қателіктердің болу мүмкіндігін толық жоққа шығаруға болмайды.

✅ Сондықтан көшу аяқталғаннан кейін сіздің ЖК немесе ЖШС-ңызға қандай ЭҚЖЖ коды берілгенін тексеруді ұсынамыз.

🤔 Бұл не үшін жасалды?

📈 Мұндай жіктеуішті жаңарту кезең-кезеңімен жүргізіліп отырады, себебі:

- 🆕 экономикалық қызметтің жаңа түрлері пайда болады;
- 👨‍💼 жаңа кәсіптер қалыптасады;
- 💼 бизнестің жаңа бағыттары дамиды;
- 🎯 қолданыстағы қызмет түрлерін неғұрлым нақтылау қажеттілігі туындайды.

📋 Жаңа редакцияда:

1️⃣ ✍️ экономикалық қызметтің жекелеген түрлері нақтыланып, егжей-тегжейлі жіктелді;

2️⃣ 🗑️ ескірген кодтар алып тасталды;

3️⃣ ➕🆕 бизнестің заманауи бағыттарын қамтитын жаңа кодтар енгізілді.

📌 Бұл жолғы елеулі өзгерістер төмендегі салаларға қатысты болды:

🛒 сауда;

🧳 туристік қызмет;

📦 курьерлік қызметтің жекелеген түрлері.

📲 Өзгерістердің толық тізімін карусельден көре аласыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1257630?lang=ru