Аппараттық кеңесте бизнес нысандарын абаттандыру және қаланың сәулеттік келбеті мәселелері қаралды

Аппараттық кеңесте бизнес нысандарын абаттандыру және қаланың сәулеттік келбеті мәселелері қаралды

16.07.2026 00:18:14 242

Бүгін өткен аппараттық кеңесте Қостанай қаласындағы бизнес нысандарын абаттандыру, заңсыз орналастырылған объектілерді жою және қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Қала әкімдігінің ұстанымы өзгеріссіз: барлық кәсіпкерлік нысандары қолданыстағы заңнама талаптарына және Абаттандыру қағидаларына толық сәйкес келуі тиіс. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жыл басынан бері кәсіпкерлік субъектілерінің меншік иелеріне нысандарды белгіленген талаптарға сәйкестендіру бойынша 1802 ұсыным берілді. Белгіленген талаптарды жүйелі түрде бұзатын тұлғаларға қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылатын болады.

Кеңес барысында заңсыз орналастырылған нысандарды анықтау және демонтаждау жұмыстарының нәтижелері де айтылды. Биылғы жылдың басынан бері қала аумағында 26 стационарлық емес сауда павильоны алынып тасталды. Соңғы үш жыл ішінде заңсыз орнатылған 505-тен астам дүңгіршек, павильон және сауда сөресі демонтаждалды. Сонымен қатар рұқсатсыз орналастырылған жарнамалық конструкциялар мен ойын-сауық автоматтарын жою жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.

Қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру әкімдік жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бүгінде Қостанайдың бірқатар көшелерінде дизайн-код енгізілген. Алдағы уақытта бизнес нысандарын сыртқы безендіруге қойылатын бірыңғай талаптарды енгізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1257868?lang=ru