«Мөлдір бұлақ» – табиғатқа деген жанашырлық әр азаматтың ісінен басталады!

«Мөлдір бұлақ» – табиғатқа деген жанашырлық әр азаматтың ісінен басталады!

16.07.2026 00:42:39 242

11 шілде күні Бейімбет Майлин ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдастырған «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті.
Экологиялық акцияға Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы құрылыстарын дамыту департаментінің директоры Сағи Мұрасұлы Өтелов қатысып, Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қайсар Мыржақыповпен бірге Әйет ауылындағы бұлақ көзін тазарту жұмыстарына қатысты.
Іс-шараға сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрлігінің қызметкерлері, «Қазсушар» РМК мамандары, бассейндік инспекциялардың өкілдері, еріктілер, студенттер, ақсақалдар және аудан тұрғындары қатысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде бұлақ маңы тазартылып, туған өлкенің табиғи байлығын сақтауға кезекті үлес қосылды.
«Бұл акция экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етіп, өз өңірлерінде бұлақтарды тазалау мен ағаш отырғызу жұмыстарын өз бастамасымен ұйымдастыратын азаматтардың қатарын көбейтіп келеді», – деп атап өтті Сағи Өтелов.
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы – табиғи су көздерін абаттандыру ғана емес, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау, қоғамды ортақ іске жұмылдыру және табиғатты келер ұрпақ үшін сақтауға бағытталған маңызды бастама.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1257926?lang=ru