Алматы қаласы бойынша МКД Кәсіподақ ұйымы: әлеуметтік қолдау, марапаттау және құқықтық бағдарлар

Алматы қаласы бойынша МКД Кәсіподақ ұйымы: әлеуметтік қолдау, марапаттау және құқықтық бағдарлар

16.07.2026 03:33:12 212

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кәсіподақ ұйымының кезекті отырысы, сондай-ақ Адам ресурстары басқармасымен бірлескен кеңес өтті.

Отырыстың негізгі мәселелерінің бірі кәсіподақ мүшелеріне арналған туристік және сауықтыру сапарларын ұйымдастыру болды. Жоспарда — Қазақстанның ең көрікті жерлерін аралау:
Зәулім Шымбұлақ және Тауқымыз шипажайы;
Бірегей Көлсай көлдері мен шипалы Алакөл;
Көз тартар Шарын шатқалы;
Первомай тоғандары демалыс аймағы.

Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні қарсаңында кәсіподақ ұйымы әріптестердің еңбегін елеудің маңыздылығын атап өтті. Ортақ іске қосқан үлесі мен өз кәсібіне адалдығы үшін кәсіподақтың ең белсенді мүшелерін медальдармен марапаттау мәселелері талқыланды. Күн тәртібі бойынша Департаменттің кәсіподақ төрағасының орынбасары Гүлнар Сәкенова мен Департаменттің ревизиялық комиссиясының төрағасы Азамат Бағдатұлы баяндама жасады.

Адам ресурстары басқармасымен бірлескен отырыс аясында қатысушылар маңызды құқықтық жаңалықтарды егжей-тегжейлі талқылады. ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңындағы өзгерістер басты назарда болды.
Бұл түзетулерді зерделеу кәсіподаққа қызметкерлердің құқықтарын бұдан да тиімдірек қорғауға және құқықтық өзгерістерден үнемі хабардар болып отыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1258230?lang=ru