№28 мекемесінде сотталғандар арасында эссе байқауы өтті
20.07.2026 10:31:43 336
Нельсон Мандела халықаралық күніне орай №28 мекемесінде сотталғандар арасында «Сотталушының көзімен бостандық, теңдік, қадір-қасиет» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – сотталғандардың адамгершілік құндылықтар, еркіндік, теңдік, адам қадір-қасиеті және жеке жауапкершілік туралы ой-пікірлерін шығармашылық тұрғыда жеткізуіне мүмкіндік беру, сондай-ақ олардың құқықтық санасы мен түзелуге деген ынтасын арттыру.
Қатысушылар өз шығармаларында өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, заңды құрметтеудің, қоғам алдындағы жауапкершіліктің және оң өзгерістерге ұмтылудың маңыздылығын баяндады.
№28 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы Миржан Мендіғалиевтің айтуынша, мұндай шығармашылық байқаулар сотталғандардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға және заңға бағынатын өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1260248?lang=ru