Қазақстан Елшісі KCCI басшылығымен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады
21.07.2026 14:05:34 414
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Корея Сауда-өнеркәсіп палатасына (KCCI) барып, ұйымның вице-президенті Юн Чхоль Минмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына алдағы сапарына және «Орталық Азия - Корея» көпжақты бизнес-саммитіне дайындық мәселелерін талқылады.
Қазақстан Елшісі екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан мен Кореяның іскер топтары арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтудағы KCCI-дің маңызды рөлін атап өтті. Өнеркәсіп, энергетика, цифрландыру, жасанды интеллект, көлік-логистика инфрақұрылымы және стратегиялық минералдарды игеру салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.
KCCI вице-президенті кореялық бизнестің Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып отырғанын растады және Палатаның екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды, оның ішінде жоспарланған жоғары деңгейдегі іс-шаралар аясында қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы іс-шараларды табысты өткізуге дайындық және Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1261183?lang=ru