Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау

21.07.2026 17:37:17 380

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау

Дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) мемлекеттік органның не өзі жұмыскері болып табылатын ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға хабар береді.

Жоғары тұрған басшы, мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабар бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қабылдауға міндетті.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес мемлекеттің қорғауында болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен көтермеленеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу:
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдемдесуді қамтиды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1261364?lang=ru