Алдын ала кедендік декларациялау
22.07.2026 11:27:12 302
Алдын ала декларациялау кезінде шетелдік тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация, егер осындай тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын жағдайларда, олар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгенге дейін немесе тауарлар жөнелтуші кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізілгенге дейін беріледі.
Алдын ала кедендік декларациялау кезінде өзінің сипаты бойынша кедендік декларацияны беру кезінде декларантқа белгісіз болуы мүмкін мынадай:
тауарлар тасымалданатын көліктің түрі туралы мәліметтерден басқа, тауарлар тасымалданатын көлік құралдары туралы;
кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын жекелеген құжаттар туралы;
кедендік декларацияның түріне және (немесе) тауарлар санаттарына және олар тасымалданатын көліктің түріне байланысты Комиссия айқындайтын өзге де мәліметтерді қоспағанда, кедендік декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер мәлімделуге тиіс.
Жоғарыда көрсетілген, алдын ала кедендік декларациялау кезінде мәлімделмеген не мәлімделген, бірақ нақтылауға жататын мәліметтер Кеден Кодексінің 183-бабының 1-тармағына сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін өзгертілуге (толықтырылуға) тиіс.
Тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын жағдайларда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгеннен кейін не жөнелтуші кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізілгеннен кейін алдын ала кедендік декларациялау жүзеге асырылған тауарлар – кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылуға, ал су кемелерімен өткізілетін тауарлар кедендік декларацияда көрсетілген тауарлардың келу орнында болуға тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1261646?lang=ru