Қазақстан Елшісінің Кениядағы Уганда елшісімен кездесуі туралы
23.07.2026 13:32:19 382
Найроби, 2026 жылғы 21 шілде — Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Садықов Кениядағы Уганда Республикасының Істер жөніндегі уақытша сенімді өкілі Юнис Кигенимен (Eunice Kigenyi) кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, шарттық-құқықтық базаны кеңейтуді, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) сияқты халықаралық құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.
Ерекше назар Қазақстанның БҰҰ аясында халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын талқылауға аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар достық байланыстарды одан әрі нығайтуға және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тұрақты диалогты қолдауға дайын екендіктерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1262496?lang=ru