Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және Әдеп Кодексінің нормаларын жеткізу мақсатында семинар өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және Әдеп Кодексінің нормаларын жеткізу мақсатында семинар өтті

24.07.2026 12:37:18 211

📆 22.07.2026 жылы Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Қ.Б. Шайдуев департаменттің жеке құрамына «қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ Әдеп Кодексінің нормаларын» жеткізу мақсатында – семинарды өткізді.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз баяндамасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әдеп Кодексінің» және «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының нормалары туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентінің 29.12.2015 жылғы №152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы» Қағидаларының Заңнама талаптарын қатысушыларға жеткізді.

✅ Сонымен қатар, Әдеп кодексі бойынша мемлекеттік қызметшілер қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, заңмен белгіленген шектеулерді сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілікке, ар-намысты қорлауға, ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау туралы айтылды.

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1263168?lang=ru