Сенегал Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру бастамасын қолдайды

Сенегал Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру бастамасын қолдайды

27.07.2026 07:52:31 211

2026 жылғы 25 шілде, Алжир – Қазақстан Республикасының Алжирдегі Елшісі Әнуарбек Ахметов Сенегал Республикасының Африкалық интеграция, сыртқы істер және шетелдегі сенегалдықтар істері бойынша министрі Шейх Ниангпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша екі ел ұстанымдарының ұқсастығын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Сенегалдың сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын қолдайтынын білдіріп, су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестіруге арналған бірыңғай әмбебап платформаны қалыптастырудың өзектілігін атап өтті.

Ш.Нианг сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын ілгерілету мақсатында Қазақстанға бизнес-миссия жіберу ниеті туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сенегал арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілігін растады және екіжақты әріптестіктің перспективалы бағыттарын айқындау, сондай-ақ институционалдық және шарттық-құқықтық базаны нығайту мақсатында сыртқы істер ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-algeria/press/news/details/1263702?lang=ru