25 шілде күні Майское ауылы өзінің 80 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Бұл айтулы мереке әр буын өкілдерін, ауыл қонақтарын және туған жерін шын жүректен сүйетін барша қауымды бір арнаға тоғыстырды.
28.07.2026 09:41:14 181
Салтанатты концерттік бағдарлама ауылдың бай тарихына арналған тағылымды шежіреге айналды. Сахна төрінен ауылдың қалыптасуы мен өркендеуіне адал еңбегімен, қажырлы қайратымен және туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігімен үлес қосқан жандарға арналған жүрекжарды құттықтаулар мен алғыс сөздер айтылды.
Мерекелік кеш барысында ауылдың байырғы тұрғындары мен құрдастары, еңбек ардагерлері мен еңбек әулеттері, көпбалалы отбасылар, мерейтой жылы дүниеге келген сәбилердің ата-аналары, кәсіпкерлер және туған өлкенің дамуына елеулі үлес қосқан белсенді азаматтар құрметке ие болды.
Аудан өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының жарқын өнер көрсетулері мерекенің көркін қыздырып, ауыл тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1264400?lang=ru