Заңды тұлғаның тарату кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері.

Заңды тұлғаның тарату кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері.

28.07.2026 11:21:45 201

    ҚР Салық Кодексінің 74-бабының 2-тармағында көзделген таратудың салықтық есептілігін ұсыну міндеттемесі аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде таратылатын заңды тұлғаларға және заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінде туындайды. ҚР Салық Кодексінің 74-бабының 2-тармағында көзделген таратудың салықтық есептілігін ұсыну салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру, оның ішінде салықтық тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.Таратылатын салық төлеушінің салықтық берешегі осындай тұлғалардың, оның ішінде олардың мүлкін өткізуден алынған ақшаның есебінен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.Қызметі тоқтатылатын резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің салықтық берешегі қызметі тоқтатылатын тұрақты мекеме немесе құрылымдық бөлімше арқылы оларды құрған заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.
Егер таратылатын салық төлеушінің мүлкі салықтық берешегін толық көлемде өтеу үшін жеткіліксіз болса, салықтық берешегінің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда таратылатын салық төлеушінің құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.
Таратылатын салық төлеушінің салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың, айыппұлдардың артық (қате) төлеген сомалары, сондай-ақ кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтар мен өсімпұлдардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттар ескеріле отырып, оның берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылуға, ал қалған бөлігі таратылатын салық төлеушіге қайтарылуға жатады.

    Таратылатын салық төлеуші өзінде берешектің болмауын көздейтін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді тіркеуші органға жіберу туралы салық органының хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қызметін тоқтату рәсімін аяқтау үшін тіркеуші органға жүгінуге міндетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1264505?lang=ru