Салықтар бойынша артық төлемді қайтару және есепке жатқызу: 2026 жылғы тәртіп пен мерзімдер
28.07.2026 11:21:47 168
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті артық (қате) төленген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару тәртібі туралы хабарлайды.
📌 Ақшаны қайтару үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы №637 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша салықтық өтініш беру қажет.
💳 Қаражат өтініште көрсетілген банк шотына аударылады.
📍 Қайда жүгіну қажет?
✅ Дербес шоттары жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша – дербес шот жүргізілетін жердегі мемлекеттік кірістер органына.
✅ Дербес шоттары жүргізілмейтін төлемдер (мемлекеттік баж, тіркеу алымы) бойынша – төлем жүргізілген жердегі мемлекеттік кірістер органына.
❗ Маңызды!
«Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару» мемлекеттік қызметі e-Otinish бірыңғай өтініштер қабылдау платформасы арқылы көрсетілмейді.
📲 Салықтық өтінішті келесі тәсілдермен беруге болады:
🖥️ eGov.kz электрондық үкімет порталы немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы арқылы;
🏢 қағаз түрінде – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы.
✔️ Бюджетке артық (қате) төленген салықтар мен төлемдерді қайтаруға жүгінген кезде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1264502?lang=ru