Курчатов қаласының «Жасыл ел» жасағымен ашық аспан аясында кездесу өтті

Курчатов қаласының «Жасыл ел» жасағымен ашық аспан аясында кездесу өтті

28.07.2026 11:45:54 205

Курчатов қаласының «Жасыл ел» жасағымен ашық аспан аясында кездесу өтті

2026 жылғы 28 шілдеде Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Мубаряков «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелерімен ашық аспан аясында кездесу өткізді.
Ақпараттық-түсіндіру шарасы барысында қатысушыларға 2026 жылдың 23 тамызына тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлау науқаны кезеңдері мен дауыс беру тәртібі егжей-тегжейлі таныстырылды.
Комиссия төрағасы Б. Мубаряков «Жасыл ел» жасағының құрамындағы 18 жасқа толған, алғаш рет дауыс беретін жастарға ерекше тоқталып, оларды ел болашағы үшін маңызды саяси науқанда белсенділік танытуға және өздерінің конституциялық құқығын пайдалануға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1264541?lang=ru