Қазақстан мен Сауд Арабиясының даму қоры ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын талқылады

Қазақстан мен Сауд Арабиясының даму қоры ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын талқылады

28.07.2026 15:17:25 233

Рияд, 2026 жылғы 23 шілде – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы даму қорының Бас атқарушы директоры Сұлтан Әл-Маршадпен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясының даму қоры арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылап, инфрақұрылым, денсаулық сақтау және орнықты даму салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Қазақстандық дипломат сауд тарапына Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, жаңа перспективалы бастамалар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге қазақ тарапы мүдделі екенін атап өтті.

Сұлтан Әл-Маршад өзара қызығушылық тудыратын жобаларды қарастыруды жалғастыруға Қордың дайын екенін айтып, Қазақстанмен әріптестікті одан әрі дамытуға бейілділігін растады.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясының даму қоры арасындағы ынтымақтастықты жандандыру бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1264679?lang=ru