«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды

28.07.2026 15:38:13 249

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің төрағалығымен жиын өтті.

Жиында ең алдымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының аудан көлемінде іске асырылу барысы қаралды. Аталған жоба аясында Қармақшы (Қызылтам), Ақжар, ІІІ Интернационал және Алдашбай ахун елді мекендеріндегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Сонымен қатар, кент және ауылдық округтердегі көше атауы жазылған тақтайшаларын Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен бірыңғай үлгіге және QR-код жүйесіне сәйкес жаңарту мәселесі қаралды. Аудан әкімі барлық кент және ауылдық округ әкімдеріне көше атауы көрсетілген тақтайшаларды толық жаңарту жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Жиында жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілетін дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына дайындық мәселесі де талқыланды. Жауапты бөлімдерге қайырымдылық шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыру міндеті жүктелді.

Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе – қысқы кезеңге мал азығын дайындау жұмыстары болды. Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдеріне қажетті жем-шөп қорын толық қамтамасыз ету, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және дайындық жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі берілген барлық тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді жүктеп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1264707?lang=ru