Әскери прокурорлар мен психологтар әскери қызметшілер арасындағы дағдарыстық жағдайлардың алдын алу мәселелерін талқылады

Әскери прокурорлар мен психологтар әскери қызметшілер арасындағы дағдарыстық жағдайлардың алдын алу мәселелерін талқылады

28.07.2026 16:12:15 213

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери ортадағы жағымсыз құбылыстардың алдын алудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеуге арналған ведомствоаралық кеңес өтті.

Шараға Астана қаласының Психикалық денсаулық орталығының, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының, Ақмола гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің өкілдері қатысты.

Әскери прокурордың орынбасары майор Низами Мамедов жиналғандарды Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының «Әскери ортадағы құқық бұзушылықтар мен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жүйесін прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру» тақырыбында жүргізілген ғылыми зерттеуінің нәтижелерімен таныстырды.

Құқық қорғаушылар, медицина мамандары мен психологтар қауіп-қатер факторларын ерте анықтау, алдын алу шараларын жетілдіру және әскери ұжымдардағы психологиялық ахуалды нығайту мәселелерін талқыға салды.

Кездесу барысында Психикалық денсаулық орталығының клиникалық психологы Александр Богатов агрессия, аутоагрессия және суицидтік мінез-құлық мәселелеріне арналған презентация ұсынды. Сондай-ақ қатысушылар үшін эмоциялық қажып-шаршауды тану, күрделі жағдайларда әскери қызметшілермен тиімді қарым-қатынас орнату және уақтылы психологиялық қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық тренингтер ұйымдастырылды.

Мамандар әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға, әскери тәртіпті нығайтуға және әскердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми негізделген тәсілдерді профилактикалық қызметке әрі қарай да енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1264744?lang=ru